Қарағандылық жастар латын графикасын қолдап флешмоб өткізді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды жастары қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуін қолдауға арналған флешмоб жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды политехникалық колледжінің студенттері «Латын әліпбиіне өту - жалпы міндетіміз!» атты іс-шара өткізді.

«Латын графигіндегі мемлекеттік тіл алфавитінің бірыңғай стандартын енгізу Қазақстанның әрбір азаматына қатысты, бұл экономикалық, әлеуметтік жаңару және рухани жаңғыру үшін XXI ғасырдағы ел дамуының жаңа кезеңін ашады», - деп өз пікірлерімен бөлісті колледж студенттері.

Іс-шара аясында колледж студенттері «Мәңгілік ел» жасау бағытында жұмыстар жасамақ. Флешмобты «Мейірімділік әлемі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Қарағанды әкімдігі мен ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. 

Соңғы жаңалықтар