Қарағандылық «темір адам» марапаттарын Тұңғыш Президент орталығына тапсырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында пауэрлифтинг бойынша абсолютті әлем чемпионы, КСРО спорт шебері, халықаралық санаттағы спорт шебері Айтжан Ысақовға арналған көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

«Өнегелі өмір» тақырыбында Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында ашылған көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Көрменің бас кейіпкері - спорт және металлургия ардагері. Айтжан Ысақов 40 жылдан астам уақыт бойы Қарметкомбинатта еңбек еткен. Ауыр атлетші «Болат» зауыт командасында және облыстық құрамада өнер көрсеткен. 

Теміртаулық спортшыны «темір адам» деп атайды. Бүгінде жасы 75 жақындаған Айтжан Ысақов спортпен қош айтыспай, ардагерлер арасындағы сайыстарға қатысып келеді. Өзінің спорттық тәжірибесін ақсақал өскелең ұрпаққа да үйретіп келеді. 
Көрмеге спортшының әр жылдары түсірілген фото суреттері және марапаттары қойылды.

«Өзім арқылы жастарға жақсы үлгі көрсетіп, жігерлік пен ерлік сабағын өткізгім келеді», - дейді экспозиция кейіпкері. 

Айтжан Ысақов өз марапаттарын орталық қорына тапсыруды шешкенін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар