Қарағандылық шенеуніктер оқушылардың тамағын «ұрлаған»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Қаражал қалалық соты білім бөлімінің басшысы мен экономистіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі соттың сайтына сілтеме жасап.

Сотта ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2 тармақтарымен айыпталған Қаражал қаласының білім бөлімінің басшысы мен экономистіне қатысты кінәларын мойындау туралы процестік келісіммен түскен қылмыстық іс қаралды.

Аталмыш тұлғалар өздерінің қызметтік дәрежесін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу шартына байланысты Қаражал қаласы мен Жәйрем кентінің оқушыларының тамақтарына бөлінген  мемлекеттің 4914 400 теңге көлеміндегі қаражатты иеленіп келген.

Сот айыптау үкімін шығарып, әрқайсысының бас бостандығын 5 жылға шектеп, мүлкін тәркілеп, білім бөлімінің басшысына мемлекеттік ұйымдарда лауазымдық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салды. Мемлекетке келтірілген шығын сотталушылар тарапынан толықтай өндірілді.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар