Қарағандыдағы аялдамада екі автобус соқтығысты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 қазанда сағат таңғы 5:30-да Қарғандыдағы автобус аялдамасында екі қоғамдық көлік соқтығысып, кондуктор зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Екі автобуста да жолаушылар болмаған. «Шығыс-3» шағын ауданындағы автобус аялдамасынан № 40 бағыттағы автобусқа жолаушылар енді отырып жатқанда, оған №31 автобус келіп соғылған.

«Бастапқы мәлімет бойынша, 31-автобустың жүргізушісі жылдамдықты асырып, 40-шы автобусқа соғылған. Жол-патрульдік полиция органдары мән-жайды анықтап жатыр», - деп хабарлады жолаушылар көлігі секторының жетекшісі Ескендір Қабидулла.

№31 автобустың кондукторы ауруханаға жеткізілді. Ол дене жарақатын алған және миы шайқалған. 

Соңғы жаңалықтар