Қарағандыда жүргізуші әйелді өлтіруге оқталған күдікті ұсталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сот такси жүргізушісі болып істеп жүрген әйелді өлтіруге оқталды деген күдікпен 22 жастағы Қарағанды тұрғынын қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Тергеушінің өтініші бойынша сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берлді. Ол уақытша ұстау абақтысына жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды қаласының №1 Қазыбек би аудандық соты.

Ер адам өз кінәсін мойындады. Оған ҚР ҚК 24-99 бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша айып тағылды.

Еске сала кетсек, өткен жылы 18 қарашада Қарағандының Прогресс көшесінде 63 жастағы такси тізгіндеген әйел автокөліктен қан-жоса күйінде табылды. Ол «Жедел жәрдеммен» жан сақтау бөліміне жеткізілді. Криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері үш айдан бері қылмыскерді іздеді. Ақпан айының ортасында полицейлер жедел-тергеу шаралар кешенін жүргізіп және жеткілікті айғақтар жинап, 22 жастағы күдіктіні ұстады.

Ол өз ісін толық мойындады. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақы жөнінде жанжал туындап, жігіт жүргізуші әйелді пышақтап салған және қылмыс орнынан ізін суытып үлгерген. 

Соңғы жаңалықтар