Қарағандыда Жеңіс күніне орай автошеру өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық жүргізушілер Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алудың құрметіне 9 мамыр күні дәстүрлі автошеру өткізеді, деп хабарлайды өңір басшысының сайты. 

- Алдыңғы жылмен салыстырғанда биыл қатысушылар саны көп болады деп ойлаймыз, - дейді шеруді ұйымдастырушы Руслан Лазута. - Ол жолы 500 автомобиль жүріп өткен болатын. Ал бұл жолы шеруге такси қызметтері мүдделілік танытып отыр. 

Маршрут әзірленіп, әкімдікте бекітіледі. Өткен жылдағыдай қала көшелерінде көлік қозғалысына кедергі келтірмес үшін колонна Теміртау бағытында қозғалып, айналма жолда кері қайтатын шығар. 
Қазіргі кезде қатысуға өтінімдер қабылдануда. Шеруге кез келген адам қатыса алады. Бұл үшін өз көлігіңізді «ВКонтакте» парақшасында тіркеп, сәуір айының соңында өтетін алдын ала кездесуге келу керек. Онда қатысушылар көлікті қалай безендіру керектігі жайлы біліп, шерудің жалпы ережелерімен танысады.

Соңғы жаңалықтар