Қарағандыда жас босанған 25 әйел алаяқтық жасағандарын мойындады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Мемлекетке 71 миллион теңге шығын әкелген жөргекпұл алаяқтығы туралы атышулы іс бойынша сот отырысы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жас босанған 25 әйел өз айыптарын мойындап, өкініш білдірді, алайда сотталушылардың барлығы бұл айыптаумен келіспейді.  Сот орындығында бала босанып, бір реттік жәрдемақы мен бір жасқа толғанша бала күтіміне берілетін жәрдемақыны жоғарылатылған сомада алған 25 әйелден бөлек, Қарағанды облысы Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісі де отыр. Ол құжаттардың жалған екенін білмедім деп отыр. Жаңа заңнамаға сәйкес, босанған әйелдерден жұмыс орнынан түпнұсқа анықтамалар жинау талап етілмейді. Көшірмелері болса жеткілікті. Енді Қарағанды қаласы № 1 Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінің жасанды құжаттар туралы білген-білмегенін анықтауы тиіс. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің нұсқасы бойынша, мұндай оңтайландырылған құжат жинау тәртібі алматылық ерлі-зайыптыларға қарағандылық жүкті әйелдердің табысы туралы жеке кәсіпкерлік атынан жалған анықтамалар әзірлеуге мүмкіндік тудырған. Алматылық ер адам оңтүстік астанадағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде міндетті зейнеттік және әлеуметтік жарналарды төлеп тұрған. Осы жалған құжаттар негізінде қарағандылық босанған әйелдер жоғарылатылған сомада бір реттік жәрдемақы мен бір жасқа толғанша бала күтіміне берілетін жәрдемақыны жоғарылатылған сомада алған.

null  

Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінен бөлек, «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасымен Алматы тұрғыны да сот залында отыр. Олар АК 159/1 тергеу оқшаулағышынан сотқа күзетші айдауымен жеткізілді. Алматылықтың әйеліне «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды. Жөргекпұлдан алаяқтық жасау үшін жүкті әйелдерді іздеген Қарағанды тұрғынына да осындай шара қолданылды. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің нұсқасына сүйенсек, төрт ұйымдастырушының әрқайсысы декреттік жәрдемақыдан өз пайыздарын - түскен қаражаттың шамамен 10 пайызын алып отырған. 

Соңғы жаңалықтар