Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге арнап, есепшот ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек қабылдау үшін банктік есепшот ашылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Оны қабылдап таратумен облыстық Қызыл Жарты ай қоғамы айналыспақ», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ақшаны ұйымның арнайы есепшотына аударуға болады: ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы. БИН 950241002154 ИИК KZ669261101108562006 «Қазкоммерцбанк» АҚ, БИК- KZKOKZKX Резиденство-1, экономика секторының коды-8. Гуманитарлық көмек мына мекенжай бойынша Қоғам ғимаратында қабылданады: Қарағанды, Кривогуз көшесі, 3-үй. Телефондар: +7 (7212) 414346, 337477. Электрондық мекенжай: [email protected].

Жергілікті билік су тасқынынан зардап шеккендердің сұранысына талдау жүргізді. Соның негізінде қабылданатын көмектің тізбесі жасалды: төсек-орын, матрац, сүлгі, санитарлық гигиена заттары, жылдам бүлінбейтін азық-түлік, құрылыс материалдары.

Соңғы жаңалықтар