Қарағандыда статистиканы жақсарту үшін сотталушылардың қылмысын жасырған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің сегіз басшысы жазасын өтеушілердің жасаған қылмыстарын жасырғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Статистиканы жақсарту үшін пробация қызметінің өкілдері колониядан шартты мерзімінен бұрын шыққан немесе шартты түрде жазасын өтеушілердің жасаған қылмыстары туралы мәліметтерді көрсетпеген. Жасанды оң көрсеткіштер облыстық прокуратура қызметкерлерінің тексерулері барысында анықталды.

Белгілі болғандай, колониядан шартты түрде мерзімінен бұрын шыққан немесе шартты түрде жазасын өтеушілерді пробация қызметі бақылайды.

«Олар есепте тұрған азаматтар жасаған 42 қылмысты жасырып қалған. Сондай-ақ пробация қызметінің аумақтық өкілдіктері тарапынан статистикалық есепті бұрмалау фактілері анықталды», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

ҚАЖ облыстық департаментінің басшысының атына қызметкерлерді жауапкершілікке тарту туралы мәселе қоюмен нұсқама шығарды.

Ұсынымды қарап, департамент бастығы өңірлердегі пробация қызметтерінің 8 басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартты, үшеуінің атқарып отырған лауазымына толық сәйкес келмейтіні жарияланды.

Соңғы жаңалықтар