Қарағандыда сотталушыны азаптаған және өлтірген колония қызметкері тұтқындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды соты АК-159/7 колониясының қызметкері Виталий Зарецкийді тұтқынға алды. Оған тік ішегі үзілуі салдарынан көз жұмған сотталушыны азаптауды ұйымдастырды деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Сондай-ақ, колониядан тергеу оқшаулағышына «күдікті» алты сотталушы ауыстырылды.

Тергеу нұсқасы бойынша, тап осылар сотталушы В. Чупинді азаптаған.

Сот Қарағанды облысы прокуратурасы басқармасының арнайы прокуроры Ғабиден Жиенбаевтың капитан Зарецкийді тұтқындауға берген сұранысын қанағаттандырды.

Тұтқынға алынған Виталий Зарецкийдің зайыбы Юлия Зарецкаяның айтуынша, түрме ішіндегі мектептегі ағылшын тілі сабағында  мұғалима сотталушы В. Чупиннің аты-жөнін дұрыс айтпаған.

«Бұған жауап ретінде ол педагог, мектеп директоры, колония бастығы міндетін атқарушы Б. Шатаевтің әпкесіне дөрекі сөйлеген. Директор бұл оқиға жайлы туысына мәлім еткен»,- дейді Юлия Зарецкая.

Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы мұғалиманың сабақ өткізуіне бөгет болған. Ал колонияның  оперативті бөлімінің жедел уәкілі Виталий Зарецкий Чупинді төртінші жасақтан екіншіге ауыстырып ондағылардың «серкесі» Қырбаевқа ауызша Чупинді «жазалауға» тапсырма берген.

Материалға сәйкес,  11 наурызда Қырбаев пен өзге бес сотталушы Чупинді қосалқы  бөлмеге сүйреп апарып, сойылмен ұрып әбден азаптаған.

Араға 8 күн салып, 19 наурызда Чупин тік ішегі үзілуі салдарынан қайтыс болды.

Чупинні өлімінен кейін Тимур Қырбаев және өзге бес сотталушы - Е. Флотский, Д. Крушинский, Н. Тюков, М. Коваль и К. Жарасбаев қамалды.

Қырбаев Чупинді жазалауға колония басшысының міндетін атқарушы Шатаевтың тікелей нұсқау бергенін мәлім етті. 

Соңғы жаңалықтар