Қарағандыда ММА бойынша Қазақстанның V чемпионаты басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында 2 күндік  ММА бойынша Қазақстаның V чемпионаты басталды.  Онда алғаш рет жаңа қағидалар мен регламенттер қолданылатын болады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Чемпионатқа Қазақстанның  12 өңірінен 104 спортшы қатысады. Үздіктер 9 салмақ санатында  (52.2 келіге дейін,   56.7 келіге дейін,   61.2 келіге дейін,  65.8 келіге дейін,  70.3 келіге дейін,   77.1 келіге дейін,   84 келіге дейін,   93 келіге дейін және  120 келіге дейін) республикалық біріншілікте өз өңірлерінің атынан шығады.

ММА бойынша Қазақстанның V чемпионаты аясында қатал спорт түрінде бойжеткендер де өз күштерін сынап көреді. Алғашқы әйелдер жарысы  алматылық Аян Тұрсын мен ШҚО атынан шығатын Элмира Серікбаева арасында 52.2 келіге дейінгі салмақ санатында өтеді. 

null

Соңғы жаңалықтар