Қарағандыда Кореяның медицина өкілдерімен меморандумға қол қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 24 сәуірде Қазақстан корейлер қауымдастығының бастамасымен «Корея Республикасы және Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының медициналық ұйымдары ынтымақтастығының перспективалары» атты халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

Корея Республикасы әлемдік дамыған елдер рейтингінде медицина саласы бойынша 8 орында екені айқын. Белгілі болғандай, Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау саласының қызметі оң нәтиже беріп келеді, мысалы, статистика бойынша, мұнда өмір ұзақтығы 81,2 жас, яғни Қазақстанға қарағанда, 9,7 пайызға жоғары. Ал онкологиялық ауруларды емдеу әдістерінің тиімділігі 90 пайыздан асып түседі. Мұндай нәтижеге кореялық медиктер соғыстан кейінгі жылдардағы жанкешті еңбектің арқасында қол жеткізді.

Қазақстан корейлер қауымдастығының вице-президенті Сергей Огайдың айтуынша, шараның үш стратегиялық мақсаты бар: бірінші - кадр ресурсында тәжірибе алмасу; екінші - медициналық қызметтердің түрлі әдістемесін оқыту және үшінші - мемлекеттік және жеке әріптестік нысаны бойынша бірлескен жоба.

Қарағандыда мұндай конференция өткізу себептерінің бірі Қарағанды облысының медицина саласындағы шетел инвесторларымен өзара іс-әрекетінің тәжірибелілігі ғана емес, сонымен бірге, осы жерде 335 мыңнан астам дәрігер шыққан ежелгі медициналық ЖОО-лардың бірі бар.

Дөңгелек үстелдің аяқталуы бойынша Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы мен Корея Республикасы Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар