Қарағандыда банк қызметкері мектеп оқушысына қоңырау шалғаны үшін 8 жылға сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екінші деңгейлі банк қызметкері мектеп оқушысын телефонмен азғырғаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағанды облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі судьясы Елена Кириллова банк қызметкерін ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша айыпты деп тапты.

«Сот күдіктіні 8 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды», - деп түсіндірді Қарағанды облыстық кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі сотының өкілдері.

Сотталушы Қарағанды облыстық сотына апелляциялық шағым түсірмекші. Ол өз кінәсін мойындаудан бас тартып, жапа шеккен қыздың үйіндегі телефонға келіп түскен кіріс қоңыраулардағы нөмірді анықтауда техникалық ақаулар болғандығын мәлімдеуде. Алайда, фоноскопиялық сараптама сотталушының сөздері мен дауысын қоңырау шалған белгісізге ұқсайтындығын анықтады.

Еске сала кетейік, ер кісі бір жыл бойы сегіз жасар қызға қоңырау шалып, жыныстық өмір туралы айтып келген.

Соңғы жаңалықтар