Қарағандыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қор құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны туралы Қарағанды облысының әкімдігінде өткен аппараттық жиналыс барысында мәлім болды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Дәлірек айтсақ, картоптың бағасын бір килограмын 90-100 теңге көлемінде бір қалыпта ұстап қалу үшін облыста тұрақтандыру қоры құрыла бастады. Ол үшін қоймаға 742 тонна картоп жеткізілген. Әлеуметтік павильондарда бұл көкөніс түрін бір килограммын 74 теңгеден сатып жатыр. Ал ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде оны 70 теңгеден сатып алуға болады. Бұл ауылшаруашылық басқарамасының есептеуінше бағаны тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді. 

Қарағандыда қала басшылығы «Аян» супермаркетінің екі жеткізушілерімен меморандумдар жасаған. Оған сай өнім жеткізушілер апта сайын 90 теңгеден аспайтын тұрақты бағамен 120-130 тонна картоп жеткізуге дайын. Оған қоса төмендетілген бағамен картоп «Шығыс» базары мен «Магнум» супермаркетінде де болады. 
Бағаның өсуі оңтүстік аймақтарда өнім жиналмауымен байланысты болып отыр. Ал біздің облыста картоп ірі алматылық компанияларға сатылып жатыр. Оған қоса, бастапқы құны да өсіп кетті - көтерме бағамен картоптың килограммы 70 теңгеге бағаланып отыр. 
Басқа да азық-түліктің бағасының көтерілуіне келер болсақ, ол бірінші кезекте ЖЖМ бағасының өсуімен байланысты болып отыр. Дегенмен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің арқасында ұстап қалу көзделіп отыр. Жәрмеңкеде ет, жұмыртқа, сүт өнімдерін, нан және көкөністі нарық бағасынан 15-20 пайызға төменірек сатып алуға болады. Ондай жәрмеңкелер 21-ші қазанда және 11-ші қарашада Қарағандыда, 4-ші қарашада - облыстық басқа да қалаларында өтеді. 

Бүгінгі күні тұрақтандыру қорына 902 тонна көкөніс салынған, оның 742 тоннасы картоп, 100 тонна сәбіз және 60 тонна пияз. Бұл тауарлар әлеуметтік павильондарда тұрақты бағамен сатылатын болады. 

Соңғы жаңалықтар