Қарағанды пойызында есірткі тасымалдаған адам ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қарағанды-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінен есірткі тасымалдаған азаматты ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Көліктегі ІІД Жолаушылар пойыздарына ілесіп жүру батальонының қызметкерлері «Жаңа Қарағанды-Қарағанды-Сұрыптау» өткелінде «Қарағанды-Қостанай» бағытындағы жолаушылар пойызы вагондарының бірінен 1977 жылы туылған ер азаматты ұстады. Тексеру барысында одан өзіне тән иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат жалпы салмағы 6 келі 355 гр. құрайтын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған азамат Қарағанды қ. ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар