Қарағанды оқушылары балаларға арналған қол протезін жасап шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-түрік лицейінің оныншы сынып оқушылары Қайсар Қуаныш пен Әлішер Смағұлов балаларға арналған қол протезін жасап шығарды, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz.

Идея авторы физика пәнінің мұғалімі Алтынбек Қайырбатыров. Ол Қарағандыдағы лицейде жақында жұмысқа орналасқан, бұрын Павлодарда физика пәнінен сабақ берген.

«Протез туралы идея маған Қарағандыға ауыспай тұрып келді, - деп еске алды ол.

«Лицейдің Павлодардағы бөлімшесінде 3D-принтер болды, алғашқы протезді сол жерде жасадық. Саусақсыз туылған Сашаға сыйладық. Қазір ол велосипед мініп жүр, баланың өмірі жеңілдеді. Мені Қарағандыға ауыстырғанда бұл істі осында жалғастыруды шештім. 3D-принтер сатып алып, оқушылармен бірге протездер жасап жатырмыз. Протезді жасап шығару оңай - оқушылар бірінші үш өлшемді модельдің барлық тетігін салып алып, оны басып шығарады және жинайды. Біз протездерді енді жасап шығарып жатқанымызда, ол тек АҚШ-та өндірілетін. Олар бес мың доллар тұратын. Біздің протездер небәрі 600 теңгені құрайды. Тек материалға қаржы жұмсадық», - дейді мұғалім.

null

Қазір мұғалім ҚТЛ дирекциясына лицейдің әр қаладағы бөлімшесінде осындай протездерді жасау туралы хат жазуды жоспарлап отыр. Дайын протездерді балаларға сыйлауды ұсынуда.

Соңғы жаңалықтар