Қарағанды облысының сегіз кентінде тұрғындар эвакуацияланды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының сегіз кентінде су тасқыны орын алып, ауыл тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Қарағанды облыстық ТЖ департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов брифингте хабарлағандай, сегіз ауылдан 397 адам эвакуацияланды. Су тасқыны орын алған барлық елді мекендер Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Жаңаарқа аудандарында орналасқан.
«Қазіргі таңда 397 адамның 361-і өз үйлеріне қайтты. Қалғандары - Жаңаарқа ауданының Ақшағат ауылының тұрғындары - Бидайық ауылы мен Атасу кентіндегі эвакуацияланған жерлерде қалады. 89 бас ірі қара мал, 113 бас кіші қара мал айдалды», - деп хабарлады Мұрат Қатпанов.



Ол атап өткендей, көптеген ауылдарда су тасқыны әлі басталмаған.

«2 мың 500 метр уақытша үймелер қойылды. 8830 ыдысқаптар төселді. 700 текше метр суды тартып шығардық. Барлық күштер мен құрылғылар жоғары дайындық режимінде», - деп хабарлады Мұрат Қатпанов.

Соңғы жаңалықтар