Қарағанды облысының мемқызметшілері арасында істі болғандар анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -Жемқорлық қылмыстары үшін істі болған үш мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасу кезінде бұл фактілерді жасырып қалған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Шенеуніктер өмірбаянының жасырылған тұстарын тексеру барысында Қарағанды облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері анықтады.

«Бұқар жырау ауданында жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін істі болған қызметкерлердің жұмыс істеп жүргендігі анықталды. Бұл қалай болғаны?», - деп сұрақ қойды Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Жандос Сәрсенов отырыс барысында.

Атап айтқанда, жемқорлық қылмысы үшін сотты болған мемлекеттік қызметшілердің екеуі Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде істесе, үшіншісі - осы ауданның әкімдігінде қызмет атқарған.

Отырысқа шақырылған Бұқар жырау ауданының әкімі Нұрлан Қобжанов қызметшілердің үшеуі де жұмысқа қабылдану  кезінде кадр бөліміне сотталмағандықтарын растайтын анықтама әкелгендігін мәлімдеді. 

«Жұмысқа қабылдану кезінде құжаттар барлық тәртіпке сай болды. Олардың  түпнұсқалылығына күмән келтіретіндей жағдай болған жоқ», - деді Нұрлан Қобжанов. 

null

Соңғы жаңалықтар