Қарағанды облысының мектептері үшін жаңа «Өлкетану» оқулығы жарыққа шығады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Бірінші қыркүйектен бастап Қарағанды облысының орта мектептеріндегі барлық жетінші сыныптарға «Өлкетану» пәні қосылады, осыған байланысты өңірдегі педагогтар тобы оның мазмұнымен жұмыс істеуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

Осы жұмыстың үйлестірушісі, оқыту-әдістемелік орталықтың әдіскері Бақытгүл Калекинаның хабарлауынша, кітапта барлық 18 қаланың және Қарағанды облысындағы аудандардың тарихы туралы деректер қамтылады. 

«Әр аудан мен қала өздері жайлы материалдар ұсынды. Кейін олар бір кітапқа жинақталады. Ол 20 оқу сағатына есептелінген», - деді Бақытгүл Калекина.

Тамыз айының соңында оқулық құрастырылып, баспаханаға жіберіледі. Оқушыларға кітапты мектеп кітапханасын беру немесе сатып алу мәселесі шешілуде. «Өлкетану» кітбын шығарудағы мақсат - оқушыларға өз өңірінің тарихы мен археологиясы, бірегей орындары туралы сыр шерту.

Соңғы жаңалықтар