Қарағанды облысының елді мекендері көктемгі су тасқынынан қорғалған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында су шайып кету қауіпі жоғары барлық елді мекендерде су тасқынынан қорғау бойынша бағытты шаралар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы аймақ басшысы Ерлан Қошанов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді. 

«Біз қай елді мекендерде су шайып кету қауіптері жоғары екенін білеміз. Олардың саны 31. Олардың барлығы бойынша нақты жұмыстар атқарылды. Аталмыш елді мекендер жанында 42 шақырым қорғаныс құрылымдары құрылды. Бөгеттердің 11 шақырымына жөндеу жұмыстары жасалды, тасқын су қауіпі бар өзендер арнасының 7 шақырымнан астамы тазартылды»,-деді Ерлан Қошанов.

2017 жылы гиротехникалық құрылымдарды жөндеуге жұмсалған шығындар көлемі 70% артты. 
«Біз бәріміз - жергілікті басшылық, жедел қызметтер көктемгі су тасқыны ауыр зардаптарсыз өтуі үшін жұмыстар атқарып жатырмыз»,-деп түйіндеді облыс әкімі. 

Соңғы жаңалықтар