Қарағанды облысының әкімі Қарағайлы ауылын қалпына келтіруді өз бақылауына алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов үш айда атқарылған жұмыстардың нәтижесін көру үшін Қарқаралы ауданының Қарағайлы ауылында болды. Еске салсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында аймақ басшысы Қарқаралы ауданының бірнеше кәсіпорнында, оның ішінде Қарағайлыдағы кен-байыту фабрикасында болды. Ерлан Қошанов тұрғындармен кездесіп, ауылдың өзекті мәселелерімен танысқан еді, олар үйілген тұрмыстық қоқысқа, жайсыз жолдар мен таза ауыз судың тапшылығына шағымданды. 

Үш айға жуық уақыт өткен соң әкім аталмыш мәселелердің қалай шішіліп жатқандығын тексеріп қайтты. Қарағайлы тұрғындарымен кездесуде Қарқаралы ауданының басшысы Хәлел Мақсұтов бүгінде қандай жұмыстар атқарылғандығын баяндады. 

«Қарағайлы кен-байыту фабрикасы, «Байбатыр» ЖШС мен «Қармыс» және «Аслан» шаруашылық қожалықтарының және де аудан бюджеті есебінен әрі тұрғындардың көмегімен осы аралықта ауылдан 11060 тонна құрылыс қалдықтары шағарылды. Тамыз айының соңына дейін тағы 1500 тонна қоқысты шығару жоспарлануда. Алайда тағы 7000 тонна қалдық қалады, оны келесі жылы шығару көзделіп отыр», - деді Хәлел Мақсұтов.

Сонымен қатар ауылда бос тұрған көпқабатты үш тұрғын үйге 52 терезе салынған. ЖЖС аумағы мен «Самал» ғимараты абаттандырылған. Жол бойындағы 20 контейнер қалыпқа келтірілген. Және де ауылда 380 қоршау, 5 билборд орнатылған, ойын аулалары мен 6 автобус аялдамалары жабдықталған. Тағы 30 контейнер сатып алу үшін бюджеттен 1,5 млн теңге сұралды. «Қазақмас Корпорациясы» ауыл тұрғындарына сыйымдылығы 200 келілік қоқыс шығаратын құрылғыны алып беруге уәде етті. 



Сондай-ақ ауыз су мәселесі де сөз болды. Бүгінгі таңда «Балдырған» балабақшасына дейін 280 метр су құбыры өткізілген. Ал ұзындығы 3,3 шақырымдық ауылішілік су жүйесін алмастыру үшін аудан бюджетінен 7,7 млн теңге бөлінген. Жалпы су құбыры және кәріз жүйелерін құру бойынша жобалық құжаттарды даярлау үшін облыстық бюджеттен 67,5 млн теңге сұралған. Оның қорытындысы 19 тамызда белгілі болады. 
Ауылдағы жолдарға келер болсақ, екі жарым айда 4 млн теңгеге 23 шағынауданда жол үстіндегі ойықтарды жабу жұмыстары жасалып, Төлеубаев көшесі мен 13-інші және 18-шағынаудандарда ұсақ тас төселген. Жолдардың орташа жөндеу жұмыстары үшін облыстық бюджеттен 87,3 млн теңге бөлініп, бүгінге конкурс өткізілді. «МРИЯ-НС» мердігер ұйымы жұмыстарды биылғы жылдың 1 қазанына дейін бітіруге уәде беріп отыр. 

Сонымен қатар көшелерді абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жасалған. 2018 жылға бағасы 229,3 млн теңгелік 25 орынға арналған дәрігерлік-амбулаториялық кешен құрылысы жоспарлануда. 

Аудан әкімінің есебін тыңдаған соң аймақ басшысы Ерлан Қошанов тұрғындардың сауалдарына жауап берді. 

«Екі жарым ай бұрын уәде еткендей, мен бүгін сіздерге келдім. Өздеріңіз көріп отырғандай нәтиже бар, жұмыстар атқарылып жатыр. Мүмкін кей жағдайларда баяу жүріп жатқан болар, бірақ оның себебі, кей жұмыстар үшін уақыт қажет. Сіздерден сабырлық сақтауды сұраймын. Өз ауылын абаттандырып, дамытуға ауыл тұрғындары да үле қосса екен деймін. Біз ресурстық орталық үшін ғимарат бере аламыз, ал оны ары қарай дамыту ол сіздердің еншілеріңізде. Біз сіздерген қолдан келгенше көмектесеміз»,  -деді облыс әкімі.  

Соңғы жаңалықтар