Қарағанды облысындағы сүт зауыты қаржы жетіспеушілігінен 10 жылдан бері бос тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Зергер-Агро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің сүт зауыты 2006-шы жылы құрылған болатын. Жалпы ауданы - 740 шаршы метр. Мұнда сүт өндіру жоспары болған, ол үшін Болгариядан арнайы құрылғы да сатып алынған. Өнім өндіру қуаттылығы бір ауысымда 10 тонна болуы тиіс еді. Алайда негізі қаланғаннан бері осы уақытқа дейін кәсіпорын қаражаттың жеткіліксіздігінің салдарынан бос тұр, деп жазады әкімнің сайты.

«Неліктен зауыт 10 жыл бойы бос тұр?» - деп сұрады облыс әкімі Ерлан Қошанов өзінің Жаңаарқа ауданына жұмыс сапары барысында. - Оның әлеуеті қандай?»

«Кәсіпорын иелері АНК арқылы 62 миллион 800 мың теңге көлемінде несие алған болатын. Оларға әлі 20 миллион теңге қайтару керек, жыл соңына дейін қарызды толық өтеп тастауды көздеп отыр», - деп түсіндірді облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. - Әлеуеті зор. Кооператив құрамыз, ниет білдірушілер бар, барлық құжаттар мен есептер дайын. 
Жаңаарқа ауданында жылына шамамен 45 мың тонна сүт өндіріледі. Оны сату қиын. Өндірілетін сүттің тек 10 пайызын ғана облысымыздың ірі кәсіпорны қайта өңдеу үшін сатып алаып отырады. Егер «Зергер-Агро» қайтадан жұмыс істей бастаса, ауыл тұрғындары үшін ол жақсы қолдау болар еді. 

Ерлан Қошанов бос тұрған зауытты қарап шығып, кәсіпорынды қайта қалпына келтіру мәселесін шешуді тапсырды.

«Келесі жылы бұл зауытты іске қосайық. Ол ұзақ уақыт бойы құр бос тұр, ал ауыл тұрғындары маған сүттерін сата алмайтынын айтып шағымдануда. Бұл мәселені шешу қажет. Ол сіздің жеке бақылауыңызда болуы керек», -  деп аймақ басшысы Серік Шайдаровқа тапсырма берді. 

Соңғы жаңалықтар