Қарағанды облысында жол жөндеуге бөлінетін қаржы 4,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында респубикалық бюджеттен жол жөндеуге бөлінетін қаржы 900 миллионнан 4 жарым миллиард теңгеге дейін  арттырылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жыл сайын соңғы жылдары жолды орташа жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 900 млн теңге бөлініп келген. Ал биыл біз Үкіметті бұл сома жетпейтініне сендірдік. Бүгін 4 жарым миллион теңге бөлінді»,  - деген қуанышты хабарын жеткізді журналистермен кездесуде Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.

Әкім кей жолдар он жылдап жөндеу көрмегенін айтып өтті.

«Жағдайды талдау барысында біз қаржыны бірнеше есеге көбейтіп, 600 шақырым жолды жөндеуді қолға алуды шештік. Таяу күндері Қарағанды-Жезқазған, Жезқазған-Қызылорда, Қарағанды-Қарқаралы жолдарында жұмыс басталады. Жезқазған, Теміртау, Сәтпаев, Балқаш, Сортировка, Пришахтинск, Майқұдықта қалаішілік жолдар жөнделіп жатыр», - деді ол.

  Әкім жыл аяғына дейін барлық жол ақауларын жоюға уәде берді.

Соңғы жаңалықтар