Қарағанды облысында жедел жәрдем көлігі жанып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 18 қаңтарда таңғы сағат 8-де Абай қаласы мен Новодубовка кентінің арасындағы тасжолда «Жедел жәрдем» станциясының «УАЗ» көлігі жанып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Салонда науқастар болмаған. Дәрігерлер сырқатқа көмек көрсетіп, кенттен қалаға келе жатқан. Өрттің алдын ала себебі - «УАЗ»-дың жанармай жүйесінде ақау болған.

«Ешкім зардап шеккен жоқ. Оның персоналы жолда кетіп бара жатқан жүргізушілердің тоқтап, жанып жатқан өртті ұялы телефондарына түсіргенін өкінішпен еске алды. Олар келіп, көмек көрсетпей, өртті видеоға түсірген. Кейін ол видеолар мынадай жазбалармен әлеуметтік желілерде пайда болған: дәрігерлер мен жүргізушілер күйіп қалған, иісті газбен улану. Бұл өтірік. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші өртті өзі өшірген. Салонда өрт сөндіру құралы болған», - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Соңғы жаңалықтар