Қарағанды облысында «Трасса» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында сәуірдің 19-нан 21-не дейінгі аралықта полицейлер «Трасса» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Бұл күндері ауылдық жерлердегі жол-патруль полициясының қызметкерлері және учаскелік полицейлері күшейтілген қызмет ету режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Түнгі уақытта трассаларда полиция патрульдері ЖӘЕАЖ нарядтарымен күшейтіледі.

Жедел-алдын алу шарасы жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті нығайту және жол көлік оқиғалары санын төмендету мақсатында ұйымдастырылып отыр. 
Сонымен қатар, көліктік ұйымдар өкілдерімен біріге отырып полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері, оның ішінде такси жүргізушілерінің жол жүру ережелерін бұзу деректерін анықтап, жоятын болады.

Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Қарағанды облысының аумағында 94 жол -көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 34 адам қаза тапса, 122 -сі әртүрлі деңгейде жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының 15-і республикалық маңызы бар тас жолдарда тіркелді, онда 21 -адам қаза тауып, 23-і жарақат алған. Талдау көрсеткендей, жол -көлік оқиғасының негізгі салдары жылдамдықты шектен тыс асыру және жүргізушілердің жолдың қарсы бетіне шығуынан болып отыр.

Соңғы жаңалықтар