Қарағанды облысында су тасып жатқан ауданда ағалы-інілі екі жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Құтқарушылар су тасып жатқан ауданда із-түзсіз жоғалып кеткен ағайынды екі жігітті іздестіріп жатыр. Олар Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Нұркен ауылының маңында жайылып жүрген малын іздеп шыққан, содан із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарқаралы ауданы ТЖ бөлімі ағалы-інілі жігіттерді іздеу жұмыстары 18:15-тен бері жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

«Мал іздеп шыққан екі атты жігіт жоғалып кетті деген хабар 18:15-те келіп түсті. Бұл ауданда су тасып жатыр. Барлық тұрғындарға қауіпсіздікті сақтаңыздар деп ескерткенбіз, бірақ ағайынды жігіттер атқа мініп, малын іздеп шығып кеткен», - делінген ТЖ бөлімі хабарламасында.

Екі жігітті іздеу жұмыстары күндіз-түні жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік , бұл су тасқынына қатысты жуық күндері өңірде болған бірінші төтенше оқиға емес. Бұған дейін, 31 наурыз күні, Қарқаралы ауданы Бесоба ауылына 13 шақырым жерде «УАЗ » көлігі қар суына батып, 3 адам қаза тапқан еді. Кейін үшеуінің де денесі табылды .

Соңғы жаңалықтар