Қарағанды облысында су тасқынынан қорғау үшін Нұраның арнасы өзгертілуде

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Көктемгі су тасқыны кезіндегі зардаптардың алдын алу үшін Қарағанды облысының басшылығы Нұра өзенінің арнасын өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Қарағанды облысында 2018 жылғы маусымда су тасқындарының алдын алуға дайындық шаралары басталды. Көшпелі жиында Бұқар жырау ауданының Ғ.Мұстафин атындағы ауылын инженерлік қорғау шаралары талқыланды.

Оның басырында облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Бұқар жырау ауданының әкіміне тасырмалар берді.

«Республикалық маңызы бар Қызылорда-Павлодар тас жолының осы аудан арқылы өтетін көлік көпіріндегі Нұра өзенінің ағысын Самарқанд су қоймасына бағыттау қажет. Сол арқылы су тасқынының алдын аламыз»,- деді Анатолий Шкарупа.

Ғ.Мұстафин атындағы ауыл жағынан өзен арнасын түзеу жоспарлануда. Бұл су тасқыны қаупін азайтуға септігін тигізеді.

 

Соңғы жаңалықтар