Қарағанды облысында су тасқынына байланысты жағдай тұрақтанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы өзендерде су деңгейінің айтарлықтай төмендегені байқалды, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз қызметі. 



Сонымен қатар, негізгі су қоймаларындағы су деңгейінің айтарлықтай азайғаны байқалды: Самарқансу қоймасында - құйылған және жылжыған судың мөлшері 240 текше метр/сек., Шерубай- Нұра - 215,2 текше м/сек., Ынтымақ - құйылуы 320 текше м/сек, жылжуы 200 текше м/сек.



Қазіргі таңда Қарағанды облысындағы елді мекендерде апаттан құтқару жұмыстары толығымен аяқталды. ТЖД мамандары өздерінің қалыпты жұмыс орындарына оралды. Соған қарамастан Нұра ауданы Тассуат елді мекені бақылауда тұр. Бұл жерде 5 су басқан үй бар, сондай-ақ 88 адам мен 182 бас мал эвакуацияланған.



Бұдан бөлек, Садовое ауылында аулалардағы су айдалып жатыр. Ақтоғай ауданы Қарасу ауылындағы 141 адам мен 1500 бас адам эвакуацияланған. Су тасқыны кезеңінде барлығы 2079 адамқауіпсіз аймаққа көшіріліп, 7146 бас ірі қара мал тисіте жерге жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар