Қарағанды облысында псевдосалафизм жақтаушысы жауапқа тартылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Псевдосалафизмнің идеологы Дарын Мұбаровтың белсенді жақтастарының бірі заңсыз миссионерлік қызметі үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жуықта ғана әкімшілік айыппұлға тартылған Дарын Мұбаровтың шәкіртінің заңсыз қызметін Қарағанды облыстық дін істері басқармасының мамандары анықтап, бірден әкімшілік сотқа шағым түсірген.

«Сот Ерсай Сайлаубаевты «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексінің 490-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 70 АЕК, яғни 158 830 теңге көлемінде айыппұл салды», - деп хабарлады Дін істері басқармасынан.

Ерсай Сайлаубаев миссионерлік қызметті жүргізуге тиісті рұқсатынсыз «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне діни ауандағы материалдарды жүктеген. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің сарапшылары аталған материалдарды Қазақстан аумағында тарату заңсыз деп таныды.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы Заңға сәйкес Қазақстандағы миисионерлік қызмет тек қана тіркелген діни бірлестіктер атынан ғана жүзеге асырылады.

«Уағыз таратушы адам өз жұмысын жергілікті органдардан тіркелгені туралы арнайы рұқсат алып қана жүргізе алады»,-деп хабарлады басқармадан. 

Соңғы жаңалықтар