Қарағанды облысында пойыздағы 100-ден астам адам эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Нұра ауданындағы үйлерді су басу қаупіне байланысты жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға Қарағанды-ОП27 (өткелі) және Қарағанды-Нұра бағыты бойынша 4 жолаушылар вагоны бөлінді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші бағыттағы вагондар 11 сағат 45 минутта келді. Адамдарды жинап, жіберумен жергілікті билік органдары мен ТЖ айналысуда.
Жолаушылар вагондарының жолсерігі Галина Рыжова мен Айгерім Жанаева бірінші рейспен 98 адамды, соның ішінде 45 бала мен 53 ересекті алып кетті.

Эвакуацияланған адамдардың көпшілігі жақын орналасқан елді мекендердің - Петровка, Сарытөбе тұрғындары. Екінші бағыттағы жолаушылар вагоны (Ерлан Жарқынбаев пен Асхат Рыспек) тұрғындарды эвакуациялауды жалғастыру үшін Нұра станциясына 14 сағат 45 минутта жетті.

Соңғы жаңалықтар