Қарағанды облысында бірқатар аймақтарды су басып, тұрғындар көшірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында Самарқан су қоймасынан су ағызу көлемінің ұлғаюы салдарынан Чкалово ауылында 48 үйді, 70 ауланы су басты, 137 адам көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.



466 мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Садовое ауылында 21 үй, 31 ауданды су басып, 308 адам эвакуацияланды, 1065 мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Сарытөбеде 1 үйді, 5 ауланы су басты. 110 адам эвакуацияланып, 918 мал қауіпсіз жерге жеткізілді.



Андрейниковкада Нұра өзенінде су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 2 ауланы су басты. Алдын ала 14 адам туыстарына, 10 мал басы қауіпсіз жерге жеткізілді.



Тұзды ауылдық округінің 1 мамыр бөлімшесінде тұрғындар эвакуацияланып, 190 бас мал қауіпсіз жерге жеткізілді. Инертті материалмен қаптар қою арқылы Нұра өзенінің арнасына қорғаныс бөгеттерін қою жұмыстары жүріп жатыр.



Шет ауданы Красная поляна ауылында 1 үй мен 5 ауланы су басты, 7 адам көшірілді. «Қара Мұрын» стансасында 5 ауланы су басты, 25 адам эвакуацияланды.



Қазір Қарағанды облысында су тасқынына қарсы шараларға 600-ге жуық адам, жүздеген бірлік техника жұмылдырылды.

 

 
 

Соңғы жаңалықтар