Қарағанды облысында ауылшаруашылық саласына автоматтандырылған бақылау жүйесі енгізіліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Бұқар Жырау және Осакаровка аудандарында болып, көктемгі егіс барысымен танысып қайтты, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ауа райының қолайсыздығы егін егу жұмыстарын сәл кешеуілдеткеніне қарамастан, диқандар бекітілген мерзім ішінде барлығын реттеп, 1 маусымға дейін дән себу жұмыстарын аяқтауға тырысып жатқандарын айтты.

Қарағанды облысында биылғы жылы 823 мың га аумаққа егін салынады деп жоспарлануда. Оның ішінде дәнді-дақылдары және бұршақ дақылдылары - 748 мың га, майлы дақылдар - 14 мың га, жемдік дақыл - 43 мың га жерге егіледі. Сонымен қатар картоп 9,1 мың га, көкөністер - 1,4 мың га аумаққа отырғызылады деп жоспарлануда. Егіс кампаниясына 20 мың ауылшаруашылық техникасы, оның ішінде 5600 трактор, 162 егін кешендері және 6 000 дән сепкіш машиналар жұмылдырылды. Бүгінгі күнге жоспарланған жұмыстың 65-75% орындалды.

Бұқар Жырау ауданында обыс әкімі «ПК им.Кирова» ЖШС, «Нұр-СХ» ЖШС-нің картоп және дәнді-дақыл алқаптарында, сонымен қатар Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институтының («ҚӨСҒЗИ» ЖШС) тәжірибелік алқаптарында болып қайтты.

Ерлан Қошанов картоп егушілерге неліктен маусым аралығында олардың өнімдерінің бағасы шарықтап кететіні туралы сұрады. «Бірінші кезекте, облыс қажеттіліктерін өтеу керек, содан кейін ғана өнімді сыртқа шығару керек», - деп атап өтті ол.

Дәндерді зерттеуді дамыту мәселесі институт мамандарымен талқыланды. «ҚӨСҒЗИ» ЖШС директоры Дамир Қалдыбав бұл мақсаттарға шамамен 70 млн. теңгеге жуық қосымша қаржы қажет екенін жеткізді. Облыс әкімі бұл мәселені ҚР Ауылшаруашылық министрлігімен талқылауды ұсынды.

Сонымен қатар, институт құс өсірумен айналысуды жоспарлап отыр. Қаздар мен үйректерді өсіру жобасын құрған.

«Өсімдік өсіруге келер болсақ, біз барлығын автоматтандырмақпыз. Биылғы жылы 1С-Агро жүйесін пилоттық режимде іске қосамыз. Бұл жүйе барлық өндіріс учаскілерін басқару орталығына шоғырландырады. Біз егісті, дән қоймаларын, ЖЖМ көлемін қадағалап отырамыз. Осы жылы алқаптарды серіктік жүйемен бақылауға келесімшарт жасадық», - дейді Дамир Қалдыбаев.

Осакаровка ауданына облыстың барлық егіс алқаптарының үштен бір бөлігі тиесілі. «Осы жылы дәнді-дақылдар 291 мың га жерге егіледі. Ол 2016 жылмен салыстырғанда12 800 гектарға көбірек. Ал өткен жылы біз егісті 36 мың гектарға ұлғайтқан болатынбыз. Жазғы егіс те ұлғайды, ал кортоп егу төмендеп кетті. Себебі суару құрылғыларын әзірлеп үлгермедік, - деп есеп берді облыс әкімі алдында аудан басшысы Қайрат Шайжанов. - Егіс жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 60% орындалды». 

Соңғы жаңалықтар