Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысында Алматы-Балқаш тас жолында екі көліктің соқтығысуы салдарынан он бір жастағы бала және екі ересек адам қаза тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

20 маусымда түнгі сағат 1.30-да Балқаш-Алматы тас жолында Гүлшат ауылының маңында «Тойота Ланд крузер» көлігінің жүргізушісі, алдын ала дерек бойынша, қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. Алған ауыр жарақаты салдарынан үш адам - жүргізуші, жолаушылар орындығында отырған әйел мен 11 жастағы жасөспірім оқиға орнында көз жұмды.

Үш адам ауруханаға жеткізілді, олар 1978 жылғы әйел, төрт жасар және тоғыз жасар жолаушылар.

«Олардың жағдайы ауыр, қазір қажетті көмек көрсетілуде», - деп хабарлады Приозерск ауруханасынан.

Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар