Қарағанды облысы ЭКСПО-ға сый ретінде ірі күн электр стансасы құрылысын бастады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Саран қаласында бүгін Орталық Азиядағы ірі күн электр стансасының бірі болатын «SESSaran» ЖШС күн электр стансасының құрылысы басталды. Оның инвесторлары - Еуропалық Одақ өкілдері. Жоба құны 140 млн еуроға жуық.

«Бүгін ерекше оқиға болып жатыр, біз ірі күн электр стансасы құрылысын ашып отырмыз. Бұл біздің өңірдің ЭКСПО-ға сыйы, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов салтанатты шарада. - Осы жобаны іске асыруда қарағанды жерін таңдағаны үшін инвесторларға, әріптестерімізге алғыс білдіргім келеді. Энергияның жаңартылған көздерін дамыту - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бүгін облыста осы міндетті іске асыру үшін біз алғашқы қадам жасамақпыз».

«Ауқымды дайындық жұмыстары жасалды» деп атап өтті өңір басшысы. Бүгін заңнамалық және қаржы мәселелері шешіліп, барлық рұқсат беру рәсімдерінен өтті. Күн стансасын салуға 160 га жер учаскесі бөлінді. Техникалық негіздемесі әзірленді, сараптама қорытындысы бар. «KEGOC» АҚ-мен қуат беру схемасы әзірленіп, келісілді, техникалық  қосу шарты   алынды.

«Инвесторларымыздың жолы ұзақ әрі күрделі. Бұған бес жылдан артық уақыт жұмсалды. Жұмыс Орталық Азиядағы ірі күн электр стансасы іске қосылғанда аяқталады», - деп атап өтті ол.

 «Жобаны іске асыру үшін барлық негізгі мәселелер сәтті шешілді. Бүгін біз құрылысы 2018 жылы аяқталатын күн электр стансасын салуды бастаймыз. Бұл электр стансасы қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз. Біріншіден, бұл «жасыл» технология және қоршаған ортаның ластануын азайту. Екіншіден, жаңа жұмыс орындарын құру», - деді бас инвестор Ян Зонненшайн.

Бөлінген алаңда 3700-ден астам күн панелі орналастырылады. Электр энергиясын жылдық өңдеуі сағатына  145 млн кВт-ты құрайды. Станса қуаты - 100 МВт. Салыстырмалы түрде,  Саран қаласы бұдан 10 есеге төмен тұтынады.

Соңғы жаңалықтар