Қарағанды облыстық Жолаушы тасымалдау көлігі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына 37 жастағы Әскербек Халтонов тағайындалды. Осыған дейін ол Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Кадрлық өзгертулер жайлы аппараттық жиналыста аймақ басшысы Ерлан Қошанов мәлімдеді:

- Халтонов Әскербек Ыбрахымұлы Қарағанды облысының Жолаушы тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Мамандығы бойынша инженер-механик. Қызмет жолын «Қарағанды Жолдары» АҚ-да жол жұмыскері ретінде бастаған. 2005-ші жылдан бері мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының әкімі аппаратында құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымдары бөлімінде жетекші маманнан бастап, меңгерушіге дейін түрлі қызметтерде жұмыс атқарған, - деп таныстырды жаңа басқарма басшысын Ерлан Қошанов. - 2011-ші жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің тұрғын-үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары лауазымында болған. Ол осы салаға қатысты барлық мәселелерді жақсы біледі.

Әскербек Халтонов 1980-ші жылдың 9-шы мамырында Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Үш жоғарғы білімі бар. 2002-ші жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонан соң Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «заңгер» және «бизнес және экономика бакалавры» мамандықтары бойынша екі дипломын алған.

Мемлекеттік қызметке 2005-ші жылдың сәуір айында кіріскен. Қызмет жолын Көлік инфрақұрылымдарын дамыту комитетінің Қарағанды облыстық басқармасының сапа бақылау бөлімінің жетекші маманы ретінде бастаған. Сонымен қатар жұмысты қабылдау және өндірісі, қозғалыс қауіпсіздігі мен пайдалану бөлімдерінде бас маман ретінде қызмет атқарған. Соңыра облыс әкімі аппаратына алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасарының бас кеңес беруші маманы ретінде ауыстырылып, сонан соң құрылыс, байланыс және жол-көлік инфрақұрылымы бөліміне көшірілді. 2011-ші жылдың желтоқсан айынан бастап, осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы Октябрь ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар