Қарағанды қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы тұтқындалды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Пара алды деген күдікпен Қарағанды қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы тұтқындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің тергеу-жедел тобы сот санкциясымен Сабыржан Дәуітбергеновті екі айға қамауға алды.

«Жасалған қылмыстың мән-жайы бізге белгісіз. Сот бұлтартпау шарасын санкциялаған кезде дәлелдемелерге бағалау жүргізген жоқ және оларға талдау жасаған жоқ. Сабыржан Дәуітбергенов Қылмыстық кодекстің 366-бабында («лауазымды тұлғаның пара алуы») көрсетілген қылмысты жасады деген күдікпен екі ай мерзімге қамауға алынды», - деп хабарлады соттан.

Бұған дейін әкімшілік сот Дәуітбергеновті дүңгіршектердің иелерімен жер учаскелерін жалға алу туралы келісімшарттарды жасасу жөніндегі сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл төлеуге міндеттеген болатын. Бұл процестерге Дәуітбергеновтің өзі, не болмаса басқарып отырған бөлімінің заңгерлері келмеді. Осыған орай сот Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесіне хат жолдаған болатын. Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында шенеунік соттарды жағалап жүретін уақыты жоқтығын мәлімдеді. Кеңес мүшелері оны тәртіптік жауапкершілікке тартпады. 

Соңғы жаңалықтар