«Қара жорғаға» билеген жорғаның видеосы жұртты тәнті етті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Наурыз мерекесіне жиналған жұрт жылқының тамаша өнеріне тәнті болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көкшетаудың орталық алаңында «Қара жорға» биіне билеген жорғаның видеосы желіні шарлап кетті. Ұйымдастырушылар республикалық ат спорты додаларының жеңімпазы Рамазан Махатовты Қызғалдақ аталған жорғасымен Солтүстік Қазақстан облысынан шақырған.

«Біз көрші облыстармен тығыз байланыс жасаймыз. Жазда СҚО-да болған спартакиада кезінде осы биші атты көрген едік. Шараға дайындалу барысында сол есімізге түсіп, Рамазанға хабарластық. Сөйтсек ол Тараздағы турнирге дайындық үстінде екен. Дегенмен біздің өтінішімізді де жерде қалдырмады. Жорғаның «Қара жорғаға» билеуі неткен жарасымды еді», - дейді Көкшетау мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сәбитова.

Оның сөзіне қарағанда, ат алғашында алаңдағы мұзға тайғанақтағанымен, ән шырқалған сәтті билей жөнелген.

Соңғы жаңалықтар