Қапшағайда жалғызбасты әйелді зорлаған күдіктілер ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жалғыз басты әйелді зорлап, тонады деген күдікпен Қапшағай қаласының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдіктілер ауыр қылмыс жасағанын мойындап, алғашқы жауаптарын берді.

«Бұл оқиға Қапшағай қаласында қазан айының 14-нен 15-не қараған түні болған.  Жергілікті полиция бөліміне 37 жасар әйел үйіне бейтаныс адамдардың баса көктеп кіріп, зорлап және тонап кеткенін айтып шағымданған. Жәбірленген азаматша қылмыскердің екеу болғанын айтып, олар 67 мың теңгені қолды қылғанын түсіндірді. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, бірнеше сағатта күдіктілерді анықтап, қолға түсірді», деп мәлім етті  облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай әйел жалғыз өзі тұрып жатқан. Осыны пайдаланған күдіктілер  бірнеше күн бойы арам пиғылдарын жоспарлаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар