Қанынан допинг табылған теннисші Арсан Арашов 2 жылға жарыстардан шеттетілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Арсан Арашовтың қанынан допинг табылған. Спортшы мельдоний пайдаланғаны үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді, деп хабарлайды Халықаралық теннис федерациясының (ITF) баспасөз қызметі.

2016 жылғы 9 шілдеде Гандияда өткен жарыста алынған допинг-сынама оң нәтиже көрсетіп, 17 жастағы спортшы 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейін уақытша жарыстардан шеттетілген еді.  Ал дисквалификация мерзімі 2018 жылдың 29 қыркүйегінде аяқталады. Арашовтың өтініші бойынша тәуелсіз сот анти-допингтік бұзу бағдарламасына сәйкес, тараптардың (Арашов пен ITF) дәлелдерін қарап, 10 сәуір күні спортшыны дисквалификациялау туралы шешім шығарды.

Теннисші рейтингте 1729-орында тұр, деп жазады dodasport.kz. 

Соңғы жаңалықтар