«Канело» Головкинмен айқастан кейінгі жоспарын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) Нью-Йорктегі пресс-тур аясында «Maxim» журналына сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz

«Ары қарай не болатындығын әзірге айта алмаймын. Тарихты қалыптастыруды, ең үздік боксшылармен жекпе-жек өткізуді жалғастыра беремін. Әрине, бұл айқас та оңай емес, алайда, ерте ме, кеш пе адамдар «Сен онымен күш сынасуға тиіссің!» дейтін тағы бір боксшының шығатыны анық. Ең бастысы - мен бұдан рахаттанамын.  Маған бокс ұнайды, маған жаттығу лагері ұнайды. Мен мұндай күйді сезінуді қойғанда ғана, мансабымды аяқтаймын», - деді Альварес. 

Соңғы жаңалықтар