Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлесіміздің айқасы 9 қыркүйекте елорда төріндегі «Сарыарқа» спорт кешенінде өтетін болады.

Бұл туралы бүгін боксшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

«Астанада 9 қыркүйекте өтетін КӘСІПҚОЙ БОКС кеші «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Спорт кешенінің сыйымдылығы 10 мың адам. Ринг айналасына 2-3 мың орындық қоюға болады. Бас-аяғы 13 мыңға жуық жанкүйер келеді деп күтілуде. Жекпе-жек алдында 3 баспасөз маслихаты және ашық жаттығу өтеді. Жекпе-жек бітісімен, Сарыарқа велотрегінің баспасөз залында боксшылардың қатысуымен ресми баспасөз мәслихатын жасаймыз. Әріптестер сұрақтарын жекпе-жектің қызуы басылмай жатып қойып қалуы үшін. Ескерте кететін бір жайт, Алматы аренада өткен кәсіпқой бокс кешінде 15 мыңға жуық халық келіп, билет жетпей, кіре алмай қалғандары өте көп болды. Сол, үшін билет сатылымға шыға салып, тезірек алып қоюларыңызды сұранамыз. Билет шамамен тамыз айының 1 жұлдызында сатылымға шығады. Бұл жолы да бағалары қолжетімді болады. Айта кетейік, кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңілмеген боксшы Қанат Ислам жұдырықтасады. Сондай-ақ еліміздің мақтанышы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов те осы бокс кеші аясында жекпе-жек өткізеді деп күтілуде. Сондай-ақ басқа да кәсіпқой боксшылармен келіссөздер жүргізілуде», - деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар