Қанат Ислам WBA рейтингінде екінші орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақтағы боксшылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам (24-0-0,19КО) бірінші орта салмақ рейтингінде бір сатыға көтеріліп, бұл тұжырымның уақытша әлем чемпионы аргентиналық Карлос Брайан Кастаньодан кейінгі екінші орынға жайғасты.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасып жұрген отандасымыз Жанқош Тұраров (21-0-0, 15КО) 10-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Қанат Ислам бұл күнде WBA тұжырымының Fedelatin және Inter-Continental белдігінің иегері. Астана қаласында өтетін кезекті жекпе-жегінде Қанат қарсыласы Куктың WBA NABA белдігін жеңіп алуға мүмкіндігі бар.
Қанат Ислам айқасының андеркартында жеңіліп көрмеген қазақстандық сегіз боксшы рингке шығады. 

 

Соңғы жаңалықтар