Қанат Ислам мүгедек балаға қолғап сыйлап, алдағы өтетін айқасына билет берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам мүгедек балаға былғары қолғабын сыйлап, алдағы өтетін айқасына билет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қанат Исламның PR менеджері Берік Сұлтан Фейсбуктегі парақшасында жариялап, видео жүктеді.

Видеода Қанат мүгедек балаға былғары қолғап сыйлап, алдағы өтетін жарысына кіруге билет беріп жатқанын көруге болады. Сондай-ақ, балаларға бокстың қыр-сырын үйретіп, ринг сыртында да жеңіске жетудің жолдарын түсіндіріп жатыр.

Ал Берік Сұлтан болған оқиға туралы былай жазды.

«Біздің мақсат - тек рингтегі қарсыласты жеңу емес, біздің мақсат - қиын жағдайға ұшыраған жандардың қайғысын жеңуге де көмектесу. Жүздеріне күлкі сыйлап, өмір сүруге құлшындыру! Бұл - адамдық борышымыз. Бұл -QAZAQ командасының мақсаты. Жақында ғана менің уатсабыма белгісіз нөмірден қатарынан бірнеше видео келіп түсті. Ашып қарасам ДЦП мен ауратын баланың видеосы. Анықтап тыңдасам Қанат Исламға сәлем жолдап, «сіздің жекпе-жектеріңізді үзбей көремін, сіз сияқты болғым келеді» дейді. Қолында қолғабы бар. Жүрегім елжіреп кетті. Әрең қимылдап, жаттығу жасап жатыр. Видеоны бірден Қанат ағаға көрсеттім. Ол: «Кеттік, Берік», -деді».

Айта кетерлігі, Амир «BI Жұлдызай» оңалдыру орталығында емделеді. 

Соңғы жаңалықтар