Қанат Ислам бастаған алты боксшы жанкүйерлеріне арнап ашық жаттығу өткізді

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қанат Ислам бастаған алты боксшы Астанада «EXPO-2017» көрмесінің аумағындағы амфитеатр маңында жанкүйерлеріне арнап, ашық жаттығу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null null null
Ашық жаттығу кешіне Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Руслан Мырсатаев, Айдос Ербосынұлы, Нұрсұлтан Жаңабаевтар Астана тұрғындары мен қонақтарына 9 кыркүйек күні өтетін бокс кешіне қалай дайындалып жатқандықтарын көрсетті.

Ашық жаттығуға аталған боксшылардың спарринг әріптестері Марио Мина, Юнески Гонсалез және Луис Кастилло қатысты.

Әр боксшы жеке-жеке өз өнерлерін көрсетіп, спарринг қарсыластарымен жекпе-жекке шықты. Шара аясында боксшылар жанкүйерлеріне арнап әкелген сыйлықтарын беріп, бірге суретке түсті. Сондай-ақ, жанкүйерлеріне қолтаңба беріп, бірге суретке түсті.

null null null null 

Еске салайық, 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде жоғарыда аты аталған және өзге де боксшыларымыз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Басты жекпе-жек Қанат Ислам мен (24-0,19 КО) канадалық Брэндон Куктің (18-0, 11КО) арасында өтеді.
null null 

Боксшылар бірінші орта салмақтағы IBF титулына үміткерлікке таласады. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады.

Олар: Жанқош Тұраров (21-0, 15КО), Жәнібек Әлімханұлы (1-0, 1КО), Мейірім Нұрсұлтанов (3-0,2КО), Руслан Мырсатаев (3-0, 3КО), Әли Ахмедов (7-0,5КО), Айдос Ербосынұлы (6-0, 6КО), Димаш Ниязов (11-0-3, 5КО) және Нұрсұлтан Жаңабаев.
null null 

Соңғы жаңалықтар