Қанат Ислам Астанада Альварестің бұрынғы қарсыласымен жекпе-жек өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен америкалық Джеймс Киркленд Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, боксшылардың өкілдері қазіргі уақытта жекпе-жекке қатысты мәселелерді талқылап жатыр. Кездесу Астанада 9 қыркүйекте өтуі мүмкін. Тараптар жақын арада келісімге келу керек.

Айта кетейік, 33 жастағы Джеймс Киркленд осыған дейін 2015 жылдың мамыр айында мексикалық Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын. Америкалық боксшы 34 кездесу өткізіп, олардың тек екеуінде жеңіліске ұшыраған.

Сондай-ақ Альварестен басқа ол Головкиннің бұрынғы қарсыласы жапондық Нобухиро Ишидадан жеңілген болатын.

Ал қазақстандық Қанат Ислам бүгін АҚШ-тың Бока Ратон қаласында 24-жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. 

Соңғы жаңалықтар