Қанат Бозымбаев «жасыл» технологиялар орталығының қашан құрылатынын атады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана қаласында «жасыл» технологиялар орталығының құрылатын уақытын айтып өтті, деап хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«ЭКСПО базасында жақын арада болашақ энергияларының инвестициялық жобалары мен «жасыл» технологиялардың халықаралық орталығы құрылатын болады. Ол өз кезегінде трансформациялық энергетикалық сектор мен «жасыл» бизнеске өтуге қатысты тапсырмаларды шешеді. Орталық Ресей, Қытай, АҚШ, Үндістан мен Латын Америкасы елдерімен етене серіктесе жұмыс атқарады. Ол ЭКСПО тәжірибесінің лайықты жалғасы болмақ», - деді Қанат Бозымбаев ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумында.

Министр өз сөзінде Қазақстан энергияның альтернативті энергобалансын белсенді түрде енгізіп жатқанын атап өтті. Жоспар бойынша баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 процентке, 2030 жылы 10 процентке, 2050 жылы 50 процентке жетуі тиіс.

«Сөзсіз, аталған саланың алдағы уақытта дамуына қатысты жауапты шешімдер керектігін сеземіз. Келешекте таза әрі жасыл энергияның іргетасын бірге қалайтынымызға сенімдімін. Ертеңгі ұрпаққа осы бағытта энергетика саласының дамуын үлгі етуіміз керек», - дейді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар