Канадалық құндыз 150 сиырды соңынан ертіп кеткен

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Саскачеван провинциясында бір табын сиыр құндыздың артынан ілесіп кетті, деп хабарлайды CBC. Оқиғаны фермер Адриенна Айви (Adrienne Ivey) видеоға түсіріп, Facebook желісіне жариялады.

Әйел мен оның жұбайы 150 бұзаудан құралған табының осындай әрекетіне таңқалысты. Олар жақындап келіп, жануарлардың кеміргіштің жанына топтасқанын көреді.

Айвидің пікірінше, бұзаулар әуестік танытып құндызға ерсе, құндыз өзіне жаңа үй іздеген. «Олар тинейджерлерге ұқсайды, - деп түсіндірді ол CBC-ға. - Олар кеміргіштің не зат екенін түсінбей, соңынан ерді деп ойлаймын». 

Соңғы жаңалықтар