Канадада жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бортында 22 жолаушы мен экипаждың үш мүшесі болған West Wind Aviation компаниясының ұшағы сәрсенбі күні Канаданың Саскачеван провинциясының солтүстігіндегі әуежайлардың біріне жақын маңда апатқа ұшырады. 

Бұл туралы CBC телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Оқыс оқиға аспанға көтерілген кезде болған. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, бірнеше адам жарақат алған. Оқиғаның мән-жайы хабарланбай отыр. 

Соңғы жаңалықтар