Канадада автомобильдер «зираты» миллион долларға сатылуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Британиялық Колумбия провинциясында 2 гектар жерді алып жатқан автомобильдер «зираты» сатылымға қойылды.

Хабарлама Century 21 риэлторлық компаниясының сайтына орналастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Лента.ру»-ға сілтеме жасап.

340-тан астам машина, жер мен ғимарат 1,45 миллион канадалық долларға (1 миллионға жуық АҚШ доллары) сатылуда. Автомобильдер арасында қарапайым және сирек кездесетін көліктер бар. Олардың құны 375 доллардан басталып 26 мыңға дейін барады.

Зираттың 60 жастағы иесі Майк Холл (Mike Hall) машина жинаумен 20 жасынан бастап айналысқан. Ол өзге жұмысына байланысты қалаған барлық көліктерді қалпына келтіріп үлгермей жатқандықтан, жерді сатуға ұйғарған. 

Соңғы жаңалықтар