Калифорниядағы алапат өрт: 10 мыңнан астам адам тілсіз жаумен айқасуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Калифорнияда алапат орман өрті салдарынан қаза тапқандар саны 37 адамға жетті.

Бұл туралы жергілікті өрт сөндіру департаменті мәлімдеді.

Қазіргі уақытта 16 ірі өрт ошағын сөндіруге 10 мыңнан астам өрт сөндіруші тартылған. Қауіпті аймақтан 100 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Еске сала кетсек, Калифорнияның отқа оранғанына бір аптаның жүзі болды.

80 жылдан астам уақыттан бері мұншама адам өліміне ұшыратқан өрт болмаған, деп хабарлайды Reuters.

Соңғы жаңалықтар